Жеңістік 77 жылдығы. "Отан үшін от кешкендер" » Әбдалиев ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қарақозы Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жеңістік 77 жылдығы. "Отан үшін от кешкендер"
21
май
2016

Жеңістік 77 жылдығы. "Отан үшін от кешкендер"


Сабақтың тақырыбы: Отан үшін от кешкендер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға ауыл ардагер ағаларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгін саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, соғыс тақырыбындағы оқушылардың суреттері, слайдтар, үнтаспалар және бейнетаспа.


Пәнаралық сабақ: Ән – саз, әдебиет, видеопроектор, бейнелеу.
Мұғалімнің сөзі: Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті.Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан да жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.
Бүгінгі 8 а сынып оқушылардың «Отан үшін от кешкендер» атты ашық тәрбие сағатына дайындалған сабағымызды көріп тамашалаңызда
Сабағымызды бастамас бұрын Экранға назар аударыңыздар.
1.жүргізуші: Құрметті ағайлар мен апайлар және оқушылар, бүгінгі « 6 мамыр – Отан үшін от кешкендер» атты сынып сағатымыз бізге бақытты балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады.
Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады.
 
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне ал, нақ сол бір апат қайғына.
( бір минут үнсіздік)
 
2 жүргізуші:Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
 
 
Өлең шумақтарға кезек берейік.
Мелдебаева Жанар
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн деп?
9 мамыр Ұлы жеңіс күні
- Дұрыс, – десті сұрағың. –
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
 
Исабеков Ердәулет
Соғыс салған қанша өртке оранғандар,
Қызыл қанға қаншама боялғандар.
Соғыс деген сойқанның әлегінен
Мәңгілікке қаншама жоғалғандар.

Қанша қайғы-қасірет тереңдеген,
Қандай жан бар қайғыға бөленбеген.
Қанша жесір көз жұмды жарын күтіп,
Әр күн сайын жол тосып елеңдеген.


Ибадулла Аружан
Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген- қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген- екі жаққа жеңіліс.

Соғыс десе қатуланам қиналам,
Рас, оны көрдік біздер кинодан.
Оққа оранып от кешкен арыстардың,
Арқасында аман қалды бұл қалам.

Шадаева Әсемай
20 миллион тірлік демін доғарды,
Қанша қала күлге айналып тоналды.
Тап қазіргі Қазақстан халқындай,
Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Қалды елім 13мың адамынан айырылып,
Қалды аналар қанатынан қайырылып.
Қанша тағдыр жетім-жесір атанып,
Қалды өзенім қызыл қанға шайылып.
 
 
 
Мустафа Сержан 
 
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың...
Ерлермен тізе қосып атакада,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,
Жауына қаһар төгіп қатулаған.
Отан үшін шайқасқан ауыр күнде
Төнсе де өлім қаупі жасымаған.

Балтабай Жадыра 
Мен соғысты жек көрем
Көкем айтып отырса
Кім қасірет шекпеген.
Кім көз жасын төкпеген.
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген
Мен соғысты жек көрем.
Күн ертең-ақ ер жетем.
Қиялымды өрлетем.
Туған жерді әлпештеп
Кірпік ілмей тербетем.
Жету үшін мұратқа
Сапар шегем жыраққа.
Ғұмыр бойы айқасам
Асу бермес белдермен.
Асау өзен көлдермен
Құлазыған шөлдермен
Мен соғысты жек көрем
Адамзатты жеткізем.
Арманына жетпеген.


Жақсыбек Кәусар
Жау шапқанда түсті қанша шаңырақ
Бірін – бірі ел жоқтауда аңырап
Қауымдарым азар болды жамырап
Ауылдарым мазар болды қаңырап
 
Жау шапқанда еске салар құйынды
Қалай айтам ұшқан бақыт күйімді
Женкпе – жектен тайсалмайтын ерлерім
Қапы қалды тау – тау болып үйілді
 
Жоңғар жауым қойныма тас тыққан
Айдаһарға айналғандай қастықтан
Қазақ қалай өз елінде бодан боп
Қазақ неге көз жұмады аштықтан
 
Жау шапқанда тынысымда тарылды
Кім ұрлады ырысымен барымды
Ең болмаса бірлігімді қайтаршы
Тыңда Құдай елім – айды зарымды

Поэзия «Әке аманаты» Сейдулла Жаңыл 
Аттанарда алыс жолға
Тапсырды әкем аманатын
Серт етіп мен де алдым қолға
Әкемнің берген асыл затын.
Сұстандырған суық лебі
Соғыс жылы, қыстың кезі
Әкем сонда аймалап мені
Аманат еткен мынау сөзі:
«Тыңда балам, тыңда күнім
Болуға жара қолғанат
Кәрі ана, сәби інің
Барлығы саған аманат.
Менде сенің он жасыңда,
Атадан жетім қалғанмын.
Аса ақылды болмасамда,
Аманатын алғанмын.
Санада сіңіп сақталып
Әкем сөзі өлмеген
Болғанша қанша ақталып
Тұратын бел боп көлденен.
Толпын өмір шыңына
Жетіп те мүмкін қаларсың
Анаңның ауыр мұңына
Сергіткіш себеп боларсың.
Сен жас буын, жаңа там
Гүліңде өсіп шашырап
Суырылып оқы біліп ал
Снгенше сәулең асырап»- деп
Жол әкем аттанып
Кетті қайта айналмай
Тек сол өзі жатталып
Жүрегімде қалғандай.

Жұман Бинура «Менің атым» 
Үш күн, үш түн соғысып,
Тайдырдық жаудың табанын.
Тірсектей қуып артынан,
Ішіне кірдік қаланың.
Тасасыныа бір үйдің,
Қалған қирап бүлініп,
«Ой бауырымдап» бір жас қыз
Шыға келді жүгіріп.
Болсам- дағы бейтаныс,
Жасырқамай жатсынып,
Жүгіріп келді мойнымнан
Құшақтай алды қапсырып.
Жас та болса өзінің
Ақ кіріпті шашына.
Әжім женген ақ жүзі,
Азап түсіп басына.
Бқркімдегі жұлдызбен
Үстімдегі ақ таңға,
Қайта – қайта үңіліп,
Қарай берді тап сонда.
Ағажан!- деді қыз бір кез,-
Сұрамаймын ұлтыңды,
Сұрамаймын кір жуып,
Кіндік кескен жұртыңды.
Атыңды айтсаң, болғаны,
Кім екенін білейін,
Бостандық маған әперген
Ағайым деп жүрейін...
Айта алмады ар жағын
Сөз арқауы үзіліп,
Кетсе керек бой босап,
Көңіл, шіркін, бұзылып.
Қарадым қыздың қадала
Ақшыл ашаң жүзіне.
Мөлтілдеп жас іркілген
Түсті көзім көзіне.
-Құтқарған құлдық бүғаудан,
Қалдырмай жауға мазақ қып,
Дедім қызға ақырын:
«Менің атым – АЗАТТЫҚ!!!»

1 жүргізуші Ат ауыздығымен су ішкең, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Әлия ол ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өсті. Соғыс басталар алдында небәрі 18 жаста еді.
Ән «Әлия» Орындайтын Баратбай Диана
Фон Видео ролик Әлия 
Серікбек Айда
Қара көз қазақ қызы Әлия батыр,
Орнатқан дұшпанына заман ақыр.
Сұлатқан сан фашисті баудай турап,
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.


2 жүргізуші: ХХ ғасыр.Бұл ғасыр қай жағынан қарасақ та, адамзат үшін нағыз тайталас ғасыры болды. 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағының территориясына баса көктеп кірді. Бұл бейбіт жатқан елге ойран салған әділетсіз соғыс еді.
1941 жылдың маусымы
Күндердің аса қиыны.
Тарқатып елдің базарын,
Соқты да соғыс құйыны.
Орманы көкпен таласқан,
Өксіді өмір адасқан.
Қан жоса болып қара жер,
Қаңырап түсті қара аспан.


1 жүргізуші Өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 316-нші атқыштар дивизиясы құрылып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Москва үшін шайқаста генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен атқыштар полкын аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарды.
Бауыржан Момышұлы жайлы бейне көрініс.
Тұрғанбек Асан 
Кешіп өтіп кешегі от жалыннан
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардай тік иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы
Даңқ туын майдандағы көтерген
Гвардия бөлімінің қолбасы.
Мол тартқан қан майданның ғаламатын,
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.
Жан аға, жақсы аға жетпес баға,
Кім сүймес Бауыржандай азаматын.
Тұрсынбай Азиза «Қарақозы қас батыр»
Ер елімен бағалы
Елді ер қорғап қалады
Құрметтеген батырын
Халық бақыт табады
Еркіндікті аңсаған
Ер боп өтті қанша адам
Қарақозы қас батыр
Бас иемін мен саған
Азат елміз бүгінде
Асқақ шығар үнімде
Қарақозы мерт болды
Мелитоель түбінде

Әбілдә Таңшолпан «Сүйген жарға»
Білесің, солдат деген шыныққан жан.
Ойлайсың, жағдайымды несін менің.
Жалынға түспей құрыш шыныға ма?
Жеңісті, қуанышты күнің алда.
Еңбектен, отан деген қамқоршың бар.
Беліңді бекен етіп буып алда.
Жиі жаз адамдығын Әлдебайдың,
Жиылса қайнар суы- болады айдын.
Ұйықтасам, Жеңіс күнін мерекелеп,
Түсімде туған жерді аралаймын.
Тағы айтсам, Әсі десе әсіл едің,
Сен қашан жамандарша жасып едің,
Ерлікпен есімі өшпес талайлардың,
Артық қой қорқақтықтан батыр өлім.

2 жүргізуші 
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері , барлық майданда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылықты жеңе отырып төтеп берді. Сол туралы бейнетаспа көрсетіледі.


1 Жүргізуші: Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты да басып алуға ұмтылды. Ленинградты қорғаушылар он алты ай аштық пен азапқа шыдап қаланы жау езгісінен сақтап қалды. Жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қорғаушыларға да, қоршаудың ішінде қалғандарға да күш-қуат берді.

«Ленинградтық өрендерім» өлеңі оқылады.
Бақтыбай Қазына 
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді.
Бұлағымдай көремін.
Көпіріңе қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.

2 жүргізуші: «Қызылқой аулынан соғысқа аттанған 32 жауынгердің аты жазылған» жайлы көрініс

1 жүргізуші Ән «Ана туралы баллада» орындайтын Баратбай Диана
Артынан бейне ролик дайындау 
2 жүргізуші Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы жылы болатындығы белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін қиян кескі соңғы ұрпыстар болды. 2 мамырда соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берілді. Өйткені 30-шы сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтіргені туралы мәлімет келді. 9 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл көптен күткен Ұлы жеңіс еді.
 
 
Тұрсынбай Азиза «Ер жүрек батырлар-ай»
Жұман Бинура «Жеңіске 71 - жыл»
Жеңіске 71 - жыл толы бүгін
Көптен күткен бабаларым аңсаған күн
Қасық қаны қалғанша ұрпағы үшін
Жанын қиып ел үшін күрескен күн
Тағзым етем, опат болған жауынгерге,
Жүректері мүңға толы жауынгерге,
Әрқашан ұлықтаймыз, ардақтаймыз,
Жүректе мәңгі сақтап ұмытпаймыз.
 
Хор Катюша 

Баратбай Диана «Бейбітшілік»

Бейне ролик

Жауыздар жасағанда қастандығын,
Бейбіт елге бір зұламат басталды күн.
Сұм фаисті тарихтан білеміз ғой,
Қырқ бірде соғысты ашқандығын,
Және біздер білеміз қырық бесте
Бас сауғалап олардың қашқандығын.
Жаулап алма деп келіп,
Бабамыздың.
Жеңе алмаған рухының асқарлығын,
Отан үшін от кешкен батырлардың
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін
Даңқтарын олардың тілеймін мен,
Ғасырлардан ғасырларға асқандығын
Байқап тұрсақ сол жылдары келісті кім?
Қазанында қайнағанел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді
Тарылтам деп кеңестік кеңестігін
Ақырында бабалар бірлікті алды
Бір жолата құлатты неміс туын
Есепсіз ерліктердің арқасында
Тойлап жүрміз біз бүгін жеңіс күнін!!!
Сұм соғыстанаман- сау қалған ерлер
Отан үшін отқада жанған ерлер
Бәріңізде біздерге қымбатсыздар
Құрметтіде ардақты ардагерлер.


Райымбек Диас
Жеңем деген ел сөзін!
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір, адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ.
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір нұры жарқырап.
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті
 
Хор: «Бибіткүн тілегі»

Әбілдә Таңшолпан

Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген

Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
Тәліп Алтынбек
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Салыбек Сержан 
Жеңіс! Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды,
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды.
Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.
Қыран құсым көк аспанға самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.
Жас ұландар биік ұста туыңды,
Жарқыратып туған жердің таңбасын.
Ән Соғыстан қайтқан салдаттар орындайтын Баратбай Диана


Бейне ролик 

Халел Бексултан
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.
Жарақат алғандардың күшіменен,
Өркендеттік өмір менен өнерді.
Соғыс деген залалы ғой заманның,
Соғыс деген қайғысы ғой адамның.
Қара тұман құлы болған көк аспан,
Соғыс деген қарғысы ғой даламның.
71 жыл толыпты ұлы күнге,
Оңайлықпен келген жоқ осы күнде.
Мың тағзым жанын берген батырларға,
Жеткізген мына бізді осы күнге.


Аяпберген Бегзат 
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
2-Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Отан үшін от кешкендер » атты Ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге зор денсаулық. Ұзақ өмір, қажымас қайрат отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Еліміз аман. Жеріміз тынышАспанымыз ашық болсын демекпін.


 



 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив