Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасын және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы » Әбдалиев ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қарақозы Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасын және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
01
сентябрь
2021

Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасын және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасын және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Қоса берiлiп отырған:
       1) Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасы;
       2) жеке сот орындаушыларының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
       2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
       көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-3-жолмен толықтырылсын:
       «

17-3

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот актiлерiн орындау комитетi

жеке сот орындаушыларының қызметi

».       

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы    
 Үкiметiнiң         
 2011 жылғы 25 ақпандағы   
 № 181 қаулысымен       
 бекiтiлген          

Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялау тәртiбiн анықтайды.
       2. Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау комитетi (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
       3. Лицензиялары жоқ адамдардың атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнаманың өзге талаптарын бұза отырып, атқарушылық әрекеттер жүргiзуi және осы әрекеттерiнен пайда табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкелiп соқтырады.

2. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және оны беруден бас тарту тәртiбi

      4. Жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрi - лицензия) жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысуға ниет бiлдiрген (бұдан әрi - өтiнiш берушi), белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн адамға берiледi.
       5. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
       1) осы Қағида қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
       2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
       3) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
       4) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
       5) жоғары заңгерлiк бiлiм туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
       6) лицензия алуға емтиханды өткенi туралы бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi;
       7) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өткенi туралы шарттың көшiрмесi;
       8) жеке сот орындаушысы тағылымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасы төрағасының бұйрығының көшiрмесi немесе үзiндiсi;
       9) тағылымдамашының жалпы дайындық деңгейi, тағылымдаманы өту барысында үйренген кәсiби бiлiмi мен практикалық дағдылары көрсетiлетiн жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы жетекшiсiнiң ұсынысы;
       10) жеке сот орындаушыларының аумақтық алқасы куәландырған тағылымдамадан өтудiң аяқталуы туралы қорытындының көшiрмесi;
       11) лицензиарға ұсынғанға дейiнгi бiр айдан кем емес уақытта арыз берушiнiң тұрғылықты мекенжайы бойынша берiлген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердiң медициналық анықтамалары;
       12) лицензиарға ұсынғанға дейiнгi бiр айдан бұрын емес уақытта арыз берушiнiң тұрғылықты мекенжайы бойынша берiлген республиканың барлық аумағы бойынша мәлiметтердi қамтыған соттылығы жоқ екенi туралы анықтама.
       6. Осы Қағиданың 5-тармағының 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетiлген жұмыс iстеп жүрген тұрақты судьялар, өз мiндеттерiн орындау кезiнде атына кiр келтiретiн терiс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық iс жүргiзу саласында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, терiс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда, прокуратура органдарындағы еңбек өтiлi он жылдан кем емес прокурорлар, көрсетiлген құжаттарды ұсынудан босатылады және тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай-ақ жеке сот орындаушысы лицензиясын алады.
       7. Мыналар өтiнiш берушiнi тағылымдамадан өтуден және бiлiктiлiк емтиханын тапсырудан босатуды растайтын құжаттар болып табылады:
       1) оны лицензиарға тапсырғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын құзыреттi лауазымды адам берген өтiнiш берушiнiң судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;
       2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты қаулысының көшiрмесi;
       3) атқарушылық iс жүргiзу саласында кемiнде бес жыл, прокуратура органдарында кемiнде он жыл жұмыс өтiлiн растайтын және атқарған қызметiнен босатылу себебiн қамтитын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
       8. Егер лицензия алу үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн судья өтiнiш бiлдiрген жағдайда, онда оның лицензиарға осы Қағиданың 5-тармағының 11), 12) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы талап етiлмейдi.
       9. Өтiнiш берушi ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердiң толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
       10. Лицензия бас лицензия болып табылады және өтiнiш берушiге мерзiмi шектелмей берiледi. Лицензия Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
       11. Лицензияны лицензиар осы Қағидада белгiленген тиiстi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
       Лицензиар осы тармақта белгiленген мерзiм iшiнде лицензия бередi не лицензия беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi.
       12. Лицензиар өтiнiш берушiнiң өтiнiшiне қоса берiлген құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексередi.
       13. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттарды өтiнiш берушi жеке өзi немесе азаматтық заңнамаға сәйкес ол уәкiлеттiк берген өкiлi, не тапсырыс хатпен бередi.
       Лицензиарға лицензия беру үшiн ұсынылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi құжаттар қабылданған күнi туралы белгi қойылып өтiнiш берушiге жiберiледi (тапсырылады).
       14. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
       15. Лицензиардың лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау комитетi төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.
       16. Лицензия лицензиатқа берiледi немесе оның лицензия алуға азаматтық заңнамаға сәйкес лицензиат уәкiлеттiк берген өкiлi арқылы берiп жiберiледi.
       17. Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде лицензиат оның телнұсқасын алады.
       Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша ол өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күн iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын бередi. Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлейдi.
       18. Лицензиаттың тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жеке басын куәландыратын жаңа құжат алғаннан кейiн көрсетiлген тиiстi құжаттың көшiрмесiмен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
       Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
       19. Өтiнiш берушiге, егер:
       1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынса;
       2) осы Қағидаға сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады;
       3) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
       4) өтiнiш берушiге қатысты оған жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болғанда, лицензия беруден бас тартылады.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      20. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
       Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздерге сәйкес тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтарады.

4. Есепке алу және бақылау

      21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Қағиданың сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
       22. Лицензиар берiлген, тоқтатыла тұрған, қалпына келтiрiлген және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензиялардың электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi.
       23. Осы Қағиданың негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялар бланкiлерiне тапсырыс жасайды.
       Лицензия бланкiлерi қатаң есептегi құжаттар болып табылады.
       24. Лицензиялардың бүлiнген бланкiлерiн, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған лицензияларды лицензиар комиссиямен жоюға тиiс.
       25. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
       Лицензиар өз құзыретi шеңберiнде лицензиаттан тиiстi құжаттарды ұсынуын талап етедi және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпаратты ала алады.

Жеке сот орындаушыларының 
 қызметiн лицензиялау    
 қағидасына қосымша     

Нысана

___________________________________
 ___________________________________
 (лицензиардың толық атауы)     
 кiмнен ____________________________
 (жеке тұлғаның толық аты-жөнi
 ___________________________________
 (бар болған жағдайда әкесiнiң аты)

ӨТIНIШ

      Жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензия берудi сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәлiметтер:
 1. Туған күнi, айы, жылы ____________________________________________
 2. Жеке басын куәландыратын құжатының деректерi _____________________
                                        (нөмiрi, кiм және қашан бердi)
 3. Бiлiмi ___________________________________________________________
                  (мамандығы, дипломының (өзге құжатының) №),
 _____________________________________________________________________
оқу орнының атауы, бiтiрген жылы)
 4. Мекенжайы ________________________________________________________
 5. Жұмыс орны _______________________________________________________
 6. Қоса берiлетiн құжаттар:
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
 ____________  _______________________________________________________
    (Қолы)            (тегi, аты (бар болған жағдайда әкесiнiң аты)

20 ___ жылғы «___» ____________

Өтiнiштiң қаралуға алынған күнi 20 ____ жылғы «____» ________________
 _____________________________________________________________________
        (лицензиялау органының жауапты адамының қолы, тегi, аты
                   (бар болған жағдайда әкесiнiң аты)

Қазақстан Республикасы   
 Үкiметiнiң        
 2011 жылғы 25 ақпандағы  
 № 181 қаулысымен     
 бекiтiлген       

Жеке сот орындаушыларының қызметiне қойылатын
 бiлiктiлiк талаптары

      1. Жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензия алу үшiн жеке тұлғалар мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай келуге тиiс:
       1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
       2) жиырма бес жасқа жетуi;
       3) жоғары заңгер бiлiмiнiң болуы;
       4) жеке сот орындаушысында кемiнде бiр жыл мерзiммен үздiксiз тағылымдамадан өтуi;
       5) бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы.
       2. Жеке сот орындаушысының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын осы бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген бiлiктiлiк талаптары:
       1) тұрақты судьяларға;
       2) өз мiндеттерiн орындау кезiнде атына кiр келтiретiн терiс қылықтары және зандылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдарға;
       3) терiс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда, уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық iс жүргiзу саласында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдарға;
       4) прокуратура органдарындағы еңбек өтiлi кемiнде он жыл прокурорларға қолданылмайды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив