Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Тақырып бойынша орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"Жасөспірімдер үйлерінің", "Жасөспірімдер үйлерінде", "Жасөспірімдер үйлері", "Жасөспірімдер үйлерін", "Жасөспірімдер үйлерінен", "Жасөспірімдер үйлеріне" деген сөздер тиісінше "жасөспірімдер үйлерінің", "жасөспірімдер үйлерінде", "жасөспірімдер үйлері", "жасөспірімдер үйлерін", "жасөспірімдер үйлерінен", "жасөспірімдер үйлеріне" деген сөздермен;
"18 жасқа", "жасы 23-ке", "23 жасқа", "16 жастан", "18 жастан" деген сөздер тиісінше "он сегіз жасқа", "жиырма үш жасқа", "он алты жастан", "он сегіз жастан" деген сөздермен;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "уәкілетті білім беру органы" деген сөздер тиісінше "білім беру саласындағы уәкілетті орган", "Білім беру саласындағы уәкілетті орган", "білім беру саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегiбалалар ауылдары және жасөспiрiмдер үйлерiтуралы заңдары
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi
1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау;
2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу;
4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;
5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленушi балалар
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер):
1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар;
2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, iс-әрекетке қабiлетсiз (iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру және тәрбиелену құқығы
1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға құқығы бар.
3) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi.
Тәрбиеленушiнiң пiкiрi:
1) тәрбиешi-ана бiлiм беру мекемесiн және оқыту нысанын таңдаған кезде;
2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен бiлiм беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде;
3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде;
4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда;
5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ескерiледi.
7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы
1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар.
Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы
Тәрбиеленушiнiң:
1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртiбiмен және басқа заңды негiзде алған мүлiкке;
2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған табыстарға;
3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алынған табыстарға;
4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады.
10-бап. Тәрбиеленушiнiң әлеуметтiк төлемдерге құқығы
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. ОТБАСЫ YЛГIСIНДЕГI БАЛАЛАР АУЫЛЫ (БАЛАЛАР АУЫЛЫ)
11-бап. Балалар ауылындағы отбасы
3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi
Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола алады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару
2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: V011629
1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;
3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру;
4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;
5) тәрбиешi-аналардың, жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады.
3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды;
3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi;
4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған болса;
5) сотталғандығы бар адамдарды;
6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тәрбиешi-ана бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болмайтын аурулары тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу
Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң тәртiбi
2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады.
Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келiсiмiмен берiлуi мүмкiн.
Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс.
1) тууы туралы куәлiк;
2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме;
3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда);
4) бiлiмi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар);
6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;
7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер;
8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және әділет органдарының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;
9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;
10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжаттардың көшірмелері;
11) өзге де құжаттар.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шарт
1. Балаларды беру туралы шартта:
1) балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тәрбиелену, білім алу және бағып-күтілу жағдайлары;
2) тәрбиеші-ананың, балалар ауылы әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері;
3) тәрбиеші-аналарға қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері;
4) балаларды беру туралы шартты тоқтатудың негіздері мен салдары қамтылуға тиіс.
Балалар тәрбиешi-аналардың тәрбиесiне он сегiз жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.
2. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу:
1) дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша;
2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оларға бiлiм беру үшiн басқа да қолайсыз жағдайлар туындаған кездерде, қорғаншы және қамқоршы органдардың және (немесе) балалар ауылы әкімшілігінің бастамашылығы бойынша;
3) баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған немесе оны (оларды) асырап алған, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген жағдайда;
4) балаларды отбасына беру туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрiн ескере отырып, білім беру ұйымы мен оқыту нысандарын таңдауға құқылы және балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алуына жағдай жасауға мiндеттi.
Тәрбиешi-ана отбасында имандылық-рухани және үйiшiлiк ахуал жасау жөнiндегi өзiне жүктелген мiндеттердi адал атқаруға тиiс.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi әкiмшiлiктiң құқықтары мен мiндеттерi
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-бап. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тәрбиеленушінің мүлкін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары
4-тарау. ЖАСӨСПIРIМДЕР YЙI (ӘЛЕУМЕТТIК БЕЙIМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ)
22-бап. Жасөспiрiмдер үйi
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауға;
2) жеке қабiлеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етуге;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнiндегi мiндеттерiн орындауға тиiс.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдардың санаттары
1. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгiмiндеттерi
Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры: V011629
мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу;
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың өкiлдiгi
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың банктерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы
30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы, балалар үйi және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде айқындалады. Осы шарт бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн үлгi шарт негiзiнде жасалады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату
1. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт онда көзделген негiздерден басқа:
1) жиырма үш жасқа жеткенде;
2) әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның шартты тоқтату туралы тiлек бiлдiруiмен;
3) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспiрiмдер үйiнің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органның, балалар ауылы, балалар үйі және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;
3-1) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспірімдер үйінің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі әкімшілігінің шешімімен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛДАРЫ МЕН ЖАСӨСПIРIМДЕР
YЙЛЕРIНIҢ ТӘРБИЕЛЕНУШI-БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕР
33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер
Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер:
1) тәрбиеленушi-балалардың дене бiтiмi жағынан, санаткерлiк, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сiңiру үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды;
2) кәсiби бағдар жүйесiн құруды, бастапқы кәсiби даярлықты қамтамасыз етудi және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
3) балалардың бiлiм алу, сондай-ақ қызметi балалардың дем алуына және оларды сауықтыруға бағытталған мекемелер желiсiн сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын қамтамасыз етудi;
4) мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды;
5) егер балалар ауылына, балалар үйіне немесе жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа жiберiлгенге дейiн тұрып келген тұрғын үйлерiн оларға қайтарып беру мүмкiн болмаса, азаматтардың осы санаты үшiн көзделген тәртiппен тұрғын үй берудi;
6) мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесе отырып балаларды сауықтыру, дене тәрбиесi мен гигиеналық тәрбие жөнiнде шаралар өткiзу, балалар ауылдарының ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау iсiн жүзеге асыруды қамтиды.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы мемлекеттiк органдардың рөлi
Қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi-балалардың бiлiм алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен бiлiм алуы жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиешi-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.
35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
36-бап. Мемлекеттiк мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. Заң 37-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының |
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК